ChatGPT: нейрожелі жазған кітап сатылымға шықты
ChatGPT: нейрожелі жазған кітап сатылымға шықты
Жасанды сананың күші, оның адамзат тарихында сенсациялық жаңалық болатыны туралы бірнеше жыл қатарынан айтылып келеді. Ғалымдар мен IT-мамандар осы жолда тер төгіп те жүр. Болжам алдағы онжылдықта делінгенімен, күні кеше chatGPT чат-боты әлемнің назарын аударып қана қоймай, технология саласына үлкен өзгеріс әкелді. Соның бірі – нейрожелі жазып шыққан кітап.
Бретт Шиклер осындай еңбектердің бірін жазған автор. Ол балаларға арналған «The Wise Little Squirrel: A Tale of Saving and Investing» деп аталатын кітап жазып шыққан. Бір қызығы, кітапты автор чат-ботпен бірігіп отырып дайындаған. 30 беттен тұратын еңбектің ішіндегі иллюстрациялар да нейрожелі арқылы жасалған. Ал кітапты жазуға ары кетсе бірнеше сағат қана кеткен.