Шавкат Рахмонов жекпе-жегі үшін рекордтық көлемде гонорар алды

Шавкат Рахмонов жекпе-жегі үшін рекордтық көлемде гонорар алды

Шавкат Рахмонов жекпе-жегі үшін рекордтық көлемде гонорар алды
ашық дереккөзі
Қазақстандық спортшы Шавкат Рахмонов (17-0) америкалық Джефф Нилді (15-5) жеңгені үшін рекордтық көлемде сыйақы алды деп хабарлады turkystan.kz Sports.kz порталына сілтеме жасап. Рахмоновтың осы жекпе-жектен алған жалпы гонорары – 161 500 доллар (30 000$ - кепілді сыйақы, 6 000$ - демеуші бонусы, 25 500$ - салмақ өлшеудегі сәтсіздік үшін Нил гонорарының 30%-ы, 100 000$ - Нил салмағын реттемегендіктен «Кештің үздік жекпе-жегі» үшін екі еселенген бонус). Шавкат Рахмонов Джефф Нилді үшінші раундта қылқындыру әдісімен жеңіп, кәсіби мансабындағы он жетінші (UFC-дегі бесінші) жеңісіне қол жеткізді. UFC комментаторлары көрсетілім кезінде бұл айқасты бірнеше рет «жыл жекпе-жегі» деп атады.