Бильярдтан журналистер арасында Жолдасбек Дуанабай атындағы турнир өтті

Бильярдтан журналистер арасында Жолдасбек Дуанабай атындағы турнир өтті

Бильярдтан журналистер арасында Жолдасбек Дуанабай атындағы турнир өтті
ашық дереккөзі
2023 жылғы 4 наурыз күні Астана қаласындағы Zodiak бильярд клубында зиялы қауым мен БАҚ қызметкерлері арасында Жолдасбек Дуанабай атындағы дәстүрлі бильярд турнирі өтті деп хабарлады turkystan.kz. Аталмыш іс-шараны Aiqyn, «Литер» және Turkistan газеттері қазақ басылымдарына елеулі еңбек сіңірген белгілі журналист, Б.Бұлқышев атындағы сыйлықтың лауреаты, мәдениет қайраткері Жолдасбек Дуанабайдың құрметіне ұйымдастырды.  width=
Турнирде ҚР Жоғары ұлттық дәрежедегі төреші Несіп Жүнісбайұлы төрешілік етті. Жарыста жалпы саны 48 адам бақ сынады. Ойын қорытындысы бойынша 55 жастан асқандар санатында: І орын (100 мың теңге) – ЕҰУ Журналистика және саясаттану факультетінің деканы, ғалым Қайрат Сақ; ІІ орын (70 мың теңге) – журналист Әлімжан Сабыржанұлы; ІІІ орын (50 мың теңге) – жазушы, ардагер журналист Несіп Жүнісбайұлына бұйырды. Ал 55 жасқа дейінгілер санатында: І орын (100 мың теңге) – журналист Нұрділдә Ораз; ІІ орын (70 мың теңге) – ақын, драматург Ұларбек Нұрғалым; ІІІ орын (50 мың теңге) – «Хабар» агенттігінің журналисі Ахметәлі Саққа бұйырды.  width= [caption id="attachment_215589" align="alignnone" width="2048"] width= Фото авторы: Радмир Фахрутдинов[/caption] Жолдасбек Дуанабай атындағы арнайы сыйлық Сенат депутаты Нұртөре Жүсіпке табысталды. «Шебер ойыншы» номинациясын Шархан Қазығұл еншілесе, Қайнар Олжай мен Серік Жанболат сайыстың үздік ойыншылары атанды. Сондай-ақ турнирге қатысқан Ербол Ерденбек пен Ермұхамед Мәулен турнирдің сұрмергені атанды.