Анна Данилина Астанадағы турнирдің жеңімпазы атанды

Анна Данилина Астанадағы турнирдің жеңімпазы атанды

Анна Данилина Астанадағы турнирдің жеңімпазы атанды
ашық дереккөзі
Қазақстанның жұптық сындағы бірінші ракеткасы Анна Данилина Астанада ITF World Tennis Tour «BeeTV 40 Women's» турнирінің чемпионы атанды деп хабарлады turkystan.kz. Анна Данилина Беларусь өкілі Ирина Шимановичпен бірге жарыстың бірінші ракеткасы болып тіркелген еді. Қазақстандық-белоруссиялық жұп финалда доданың екінші ракеткалары, оңтүстіккореялықтар Хан Лэ Хань - Су Джон Чанмен бас жүлдені сарапқа салды. Матч аса тартысты өтті. Бірінші партияда Анна мен Ирина 6:4 есебімен басым түсті. Екінші сетте қарсыластары есе қайырды – 7:6 (10:8). Супер тай-брейкте Анна Данилина мен Ирина Шиманович жеңісті жұлып алды – 10:7. Осылайша, А. Данилина биылғы бірінші титулына қол жеткізді.