85 млн теңге жымқырған қазақстандық Украинадан ұсталды

85 млн теңге жымқырған қазақстандық Украинадан ұсталды

85 млн теңге жымқырған қазақстандық Украинадан ұсталды
ашық дереккөзі
Украинадан қаржы пирамидасының жетекшісі Қазақстанға экстрадицияланды деп хабарлады turkystan.kz Бас прокуратураға сілтем жасап.
«Украина Бас прокурорының офисі қаржы пирамидасын ұйымдастырған және басқарған «К» есімді Қазақстан азаматын экстрадициялау туралы өтінішін қанағаттандырды. Тергеу барысында аталған адамның 2017-2018 жылдар кезеңінде тұрғын үй сатып алуға жәрдемдесуге уәде беріп, қазақстандық азаматтардың 85 млн теңгеден астам ақшалай қаражатын алдап алғаны анықталды», - делінген хабарламада.
Прокуратураның хабарлауынша, ұсталған азаматқа халықаралық іздеу жарияланған. Ағымдағы жылдың қаңтарында күдіктіні Украина аумағында сол елдің құқық қорғау органдары ұстады. Қазіргі уақытта ол Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды.