Бүгін футболдан Қазақстан чемпионатының алғашқы туры басталады

Бүгін футболдан Қазақстан чемпионатының алғашқы туры басталады

Бүгін футболдан Қазақстан чемпионатының алғашқы туры басталады
ашық дереккөзі
Бүгін футболдан премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 1-туры басталады деп хабарлады turkystan.kz. Аталған тур 4 және 5 наурыз күндері өтеді. Бүгін, 4 наурызда төрт ойын болса, 5 наурызда қалған үш кездесу белгіленген. Алдымен 4 наурызда сағат 14:00-де «Ордабасы» (Шымкент) мен «Каспий» (Ақтау) жасыл алаңға шықса, 16:00-де «Жетісу» (Талдықорған) мен «Ақтөбе», 18:00-де «Тобыл» (Қостанай) мен «Ақсу» (Павлодар облысы) кездеседі. Алғашқы күнгі ойындарды 20.00-де «Астана» мен «Шахтер» (Қарағанды) командалары аяқтайды. Аталған кездесу «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі. Ал 5 наурызда сағат 15:00-де «Мақтарал» (Түркістан облысы) мен «Оқжетпес» (Көкшетау), 17.00-де «Қайрат» (Алматы) пен «Атырау» командалары кездеседі. Аталған турды 20:00-де «Қайсар» (Қызылорда) мен «Қызылжар» (Петропавл) командалары түйіндейді. Еске салсақ, футболдан Қазақстан чемпионатының алғашқы туры Тимур Сегізбаевқа арналады.