Жаңалықтар

Маңғыстауда кандидаттар алдағы сайлаудың маңыздылығын атап өтті

ашық дереккөзі

Маңғыстауда кандидаттар алдағы сайлаудың маңыздылығын атап өтті

Бүгін «AMANAT» партиясының Маңғыстау облыстық филиалының төрағасы Нұрбек Қарасаев, облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Нұрбол Оқуов, Марат Абзал, Жамболат Тангиев «Қала жолдары» ЖШС мекемесінің ұжымымен кездесті. Кездесуде Нұрбек Қарасаев алдағы сайлаудың маңызына тоқталып, сайлауалды бағдарламаның басым бағыттарын атап өтті. «Әрбіріңіздің дауысыңыз сайлау үшін маңызды. Себебі, облыс бойынша дауыс беруге құқылы тұрғындардың саны белгілі. Соған сай орталық сайлау комиссиясы дауыс беру парақтарын дайындап, облысқа жібереді. Сондықтан өздеріңізге тиесілі бюллетеньдерді  дұрыс пайдаланып, дауыстарыңызды лайықты партияға беріңіздер. Дауыс беру бар болғаны жарты сағат уақытты алады. Ең бастысы, өзіміздің саяси тұрғыда сауатты екенімізді көрсете білейік», -  деді Нұрбек Қарасаев. Мәслихат депутаттығына кандидат Нұрбол Оқуов «Қала жолдары» мекемесінің қала тазалығына қосып жатқан үлесін тілге тиек етті.