Теміртауда ер адам бесінші қабаттан секірмек болды (ВИДЕО)

Теміртауда ер адам бесінші қабаттан секірмек болды (ВИДЕО)

Теміртауда ер адам бесінші қабаттан секірмек болды (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Теміртаулық полицейлер 5 қабатты үйдің төбесінен секірмекші болған азаматты аман алып қалды деп хабарлады turkystan.kz. Polisia.kz сайтының мәліметінше, 2 наурыз күні сағат 15:30 шамасында полицияға 9-ықшамауданда орналасқан үйдің төбесінде ер адамның отырғаны туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына екі экипаж жіберілген. Полиция қызметкерлері үйдің төбесінде отырған жасы 35 шамасындағы азаматты байқаған.
«Бұндай жағдайда ең бастысы – адамның көңілін аулап, шұғыл шешімге бармауы үшін әрекет ету. Сондықтан әріптесім екеуміз одан не болғанын сұрап, сауалдар қойдық. Сөйтсек, ол жолдасымен ұрысып қалғандықтан осындай шешімге бармақ болған. Біз жолдасының телефон нөмірін алып, сөйлесіп, оны кешіргенін және үйіне баруға болатынын айттық», – деді Сүйіндік Иманғалиев.
Тәртіп сақшылары азаматпен сөйлесіп жатқанда қызмет инспекторлары бесінші қабатқа көтерілген.
«Төбеде отырып, төменде тұрған әріптестерімізбен сөйлесіп отырған азаматты көрдік. Білдіртпей артынан барып, оны ұстап алып, қауіпсіз жерге апардық», – деді Нұрлан Серік.
Азаматты жерге түсіріп, медициналық тексерістен өткізгеннен кейін оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында азамат полиция бөліміне жеткізілді.