«AMANAT» партиясының Республикалық сайлауалды штабы Қызылорда облысында болды
«AMANAT» партиясының Республикалық сайлауалды штабы Қызылорда облысында болды
Бүгін «AMANAT» партиясының Республикалық сайлауалды штабының мүшелері Қызылорда облысында болды. Өңірде педагогтармен, ғалымдармен, шаруалармен және спортшылар қауымымен бірқатар кездесу өтті.
Осы күні спортшылар қауымымен кездесу өтіп, оған 400-ден астам адам қатысты. Штаб мүшелері спортшыларға партияның кәсіби және бұқаралық спортты дамытудағы, сондай-ақ салауатты өмір салтын насихаттаудағы басымдықтары туралы айтып берді.