Ауылды дамыту басты назарда
Ауылды дамыту басты назарда
Маңғыстау облыстық мәслихат депутаттығына үміткер кандидаттар Анар Шамшадинова, Раушан Аймурзаева, Жамболат Тангиев Маңғыстау ауданының Жармыш ауылына барып, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. «AMANAT» партиясының алдағы бес жылдағы өңірді дамытуға арналған жоспарымен бөлісті.
Тоғыз жолдың торабы болған ауылда ауылшаруашылығы жақсы дамыған. Десе де ауылға қатысты айтар мәселелері жетіп артылады. Ауыл үлкендері мен мәдениет үйінің қызметкерлері қатысқан жиында ауылдағы ауыз су мәселелесі қозғалды. Аядай ауылда ауыз су мәселесі шешілмей келе жатқанын көтерді.
Облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Анар Амангелдіқызы Маңғыстаудың қарашаңырағы болған ауданда күрмеуі шешілмей келе жатқан мәселелердің барын ашып айтты. Партияның алдағы бес жылға арналған жоспарында ауылды дамыту басты назарға алынғанын, ауылшаруашылық өнімдерін дамытып, ауыз су мәселесін шешу жоспарда барын жеткізді.
Жұмыстың жоқтығынан ауыл жастары өз бизнестерін бастап, ауылшаруашылығын дамытқысы келеді. Десе де облыс орталығында ауылшаруашылығын дамытуға арналған бизнес жобалары бірнеше мәрте қолдау таппағанын айтты.
Иә, ашынуы да орынды. Пандемия кезінде «ауылдың еті мен шұбаты керек» деп ауылға жүгірдік. Бірақ жем, шөп мәселесін шешу үшін жасалған бизнес жоспарлары қолдау таппаған. Орынды мәселе.