Olimpbet Қазақстандағы жылқы шаруашылығына қолдау көрсетпек
Olimpbet Қазақстандағы жылқы шаруашылығына қолдау көрсетпек
Olimpbet букмекерлік компаниясы Асыл тұқымды жылқы шаруашылығы жөніндегі республикалық палатамен ынтымақтастықты қолға алғанын жариялады. Серіктестік келісім Қазақстан Республикасында асыл тұқымды жылқы популяциясын көбейтуді және ат спортының барлық түрлерін дамытуды мақсат етеді. Айта кететін болсақ, Olimpbet, бұл – қазақ дәстүрлері мен құндылықтарынан бастау алатын қазақстандық бренд. Букмекерлік компания көптеген жылдар бойы Қазақстанда ұлттық спорт түрлеріне қолдау көрсетіп, белсенді дамытумен айналысып келеді.
Асыл тұқымды жылқы шаруашылығы жөніндегі республикалық палатамен арадағы ынтымақтастық Olimpbet бастамаларының дәйекті жалғасы болып табылады. Компания бірлескен жұмыстың Қазақстанда асыл тұқымды жылқы өсіру және ат спорты дәстүрлерін жандандырып, елдің түкпір-түкпірлеріндегі ипподромдарды қалпына келтіруге ықпал ететініне сенімді.