Жаңалықтар

Жоғарғы қабаттан құлаған 16 жастағы бала көз жұмды

ашық дереккөзі

Жоғарғы қабаттан құлаған 16 жастағы бала көз жұмды

Атырауда жоғарғы қабаттан құлаған 16 жастағы жасөспірім көз жұмды деп хабарлады turkystan.kz Атырау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Мәлімет бойынша, оқиға кеше, 2 наурызда болған. «Департаменттің кезекші бөліміне кеше жергілікті уақытпен сағат 23:30 шамасында 2007 жылы туған жасөспірімнің жоғарғы қабаттан құлағаны туралы хабар түсті. Осы дерекке байланысты полиция қызметкерлері оқыс оқиғаның Атырау қаласындағы «Алмагүл» шағынауданында болғанын анықтады. Жасөспірім осындағы көпқабатты үйлердің бірінде жоғарғы қабаттан құлаған», - делінген хабарламада. Қазір полиция қызметкерлері аталған дерекке байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізіп жатыр. Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды.