ҚХП – қазақстандықтар лайықты зейнетке шығуын талап етеді

2 наурыз, 2023 / Меруерт Сағымхан
ашық дереккөзі
ҚХП – қазақстандықтар лайықты зейнетке шығуын талап етеді 1 наурызда Парламент Мәжілісі депутатығына кандидат Нұрсұлтан Шоқанов пен Эльмира Әуезова «LCI-MK» темірбетон шығару мен көпірлерді құрастыру ЖШС ұжымымен кездесті. Мақсат Халық партиясының сайлауалды бағдарламасын таныстыру.
«Біз әйелдер 58 жаста зейнетке шығу керек деген қозғалысты қолдап, митингілерге қатыстық. Нәтижесінде, әйелдердің зейнетке шығу жасын 61  жастан ұлғайтпау жөнінде 5 жылдық мораторий жарияланды.  Біз әйелдердің құқығын парламентте қорғайтын боламыз», – деді Эльмира Әуезова.
Халық партиясы ауыр, зиянды немесе қауіпті жұмыстарда істейтін қызметкерлерді 50-55 жастан зейнетке шығаруды талап етеді. Кездесуде денсаулық саласындағы проблемалар көтерілді. Еліміздегі жұмыссыздыққа байланысты көптеген азаматтар МӘМС төлеуге қауқарсыз. Осының салдарынан елімізде көп адамдар медициналық көмекті ала алмай отыр. Сондай-ақ  мемлекеттік сақтандыру көпбалалы, мүгедек балалы және толық емес отбасындағы аналарға қажет.