Семейде «ауыл төрге шықсын!» ұраны жазылған 8 техника конвейерден шықты
Семейде «ауыл төрге шықсын!» ұраны жазылған 8 техника конвейерден шықты
«Ауыл» партиясынан Абай облысы бойынша облыстық, қалалық және аудандық мәслихаттар депутаттығына кандидаттар 2 наурызда облыс орталығы Семей қаласында «СемАЗ» ЖШС еңбек ұжымымен кездесуі өткізді.
2006 жылы құрылған «СемАЗ» ЖШС Қазақстандағы ауыл шаруашылығы мен коммерциялық жүк техникасының отандық өндірушісі.
Бүгінде кәсіпорында 400-ден астам адам жұмыс істейді. «Ауыл» партиясынан түрлі деңгейдегі жергілікті мәслихаттарға кандидаттармен кездесуге партия белсенділерімен қатар жүзге жуық жұмысшы қатысты. Жергілікті мәслихаттарға кандидаттар жиынға қатысушыларға «Ауыл» партиясы сайлауалды бағдарламасының бағыттарын түсіндіріп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.