Аргентинада алапат өрттен елдің жартысы жарықсыз қалды

Аргентинада алапат өрттен елдің жартысы жарықсыз қалды

Аргентинада алапат өрттен елдің жартысы жарықсыз қалды
ашық дереккөзі
Аргентина аумағының жартысынан астамы өрттен кейін жарықсыз қалды деп хабарлады turkystan.kz BBC News-ке сілтеме жасап. Ел астанасы Буэнос-Айрес қана емес, басқа да ірі қалалар, сондай-ақ ауылдық жерлер де тас қараңғыда қалды. Өрт ашық алаңда басталып, жағалау аумағындағы электр желілерін шарпыған және атом электр стансасын істен шығарды. Электр энергиясы Аргентинадағы қатты ыстық пен қуаңшылық кезінде өшіп кетті. Оңтүстік Америка елдерінде қазір жаз айы болғандықтан елдің бірнеше бөлігінде температура үнемі 35 градустан асады. Аптап ыстық пен электр энергиясының өшуінен бірқатар өңірдегі мектептерде сабақтар тоқтап, кәсіпорындар жабылды. Электр энергиясының сөндірілуінен зардап шеккен көптеген тұрғындар кондиционерсіз және мұздатқышсыз отыр. Бәрінен де ірі қалалар зардап шекті: 150 000 адам Буэнос-Айресте әлі де жарықсыз қалуы мүмкін. Энергетика министрлігі таяуда электр энергиясы беріледі деп мәлімдеді. Аргентинада мұндай жағдай жиі болып тұрады.