Жаңалықтар

«AMANAT»-тың сайлауалды штабы Атырау облысының жұртшылығымен кездесті

ашық дереккөзі

«AMANAT»-тың сайлауалды штабы Атырау облысының жұртшылығымен кездесті

«AMANAT» партиясының Республикалық сайлауалды штабының мүшелері Атырау облысында мұнайшылармен, кәсіпорындардың еңбек ұжымдарымен және шалғайдағы елді мекендердің тұрғындарымен кездесті. Мақат ауданының Доссор кентінде мұнайшылармен және сала ардагерлерімен кездесу өтті. Олардың айтуынша, көптеген кәсіпорында, әсіресе өзге елдің капитал үлесі бар компанияларда шетелдік және қазақстандық қызметкерлердің жалақысын есептеу кезінде әрдайым теңдік сақтала бермейді. Сонымен қатар мұнай сервисі саласының кәсіпкерлерімен кездесу өтті. Оның барысында отандық мамандарды даярлау, қазақстандық тасымалдаушыларды қаржылай қолдау, сатып алу және басқа да мәселелер талқыланды. Осы күні «AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Қошанов Құлсары қаласындағы тұрғындардың баспана жағдайымен жеке танысты. Қазіргі уақытта қалада 130-ға жуық үйдің тозығы жеткен, олардың арасында апаттық жағдайдағы үйлер де бар.