Жаңалықтар

ҚазҰПУ-дың ұйымдастыруымен «Dance Fest» қалалық би байқауы өтті

ашық дереккөзі

ҚазҰПУ-дың ұйымдастыруымен «Dance Fest» қалалық би байқауы өтті

28 ақпанда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің 95 жылдық мерейтойына орай, Жастар ісі жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен «Dance Fest» қалалық би байқауы өтті. Байқау Алматы қаласының  ЖОО студенттерінің арасында ұйымдастырылды. Университеттерден Абылайхан атындағы ҚазХҚжӘТУ, Абай атындағы ҚазҰПУ, ХАТУ, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ, АУЭС,  Азаматтық авиация академиясы және ҚазҰАУ белсене қатысып, өз бақтарын сынады.