Жаңалықтар

Тұрғындар жылусыз қалды: Павлодарда құбыр жарылды

ашық дереккөзі

Тұрғындар жылусыз қалды: Павлодарда құбыр жарылды

Павлодарда көпқабатты үйлер мен нысандар жылусыз қалды деп хабарлады turkystan.kz Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап. Қаладағы Қамзин мен Московская көшелерінің қиылысында жылу құбыры жарылып, асфальт астынан су атқылай бастаған. «Он бір көпқабатты тұрғын үй мен бірнеше әлеуметтік нысанда жылу өшірілді. Павлодар жылу желілерінің мамандары жуық арада ақауды жойып, қалыпқа келтіреді», – деп хабарлады 109 қызметінде. Қамзин көшесіндегі 15, 17 (1-4), 19/1, 19, 1п, 21 (1-4), 23 (1-4), 25(1-4), 25,4п, 27(1-4), Московская көшесіндегі 34, 64 үйлерде жылу өшірілді. Сондай-ақ Қамзин көшесі, 5 (№5 ересектер емханасы), Қамзин көшесі, 7 (№5 балалар емханасы), Московская көшесі, 5 (әскери-техникалық мектеп),  Московская көшесі, 82 (№3 балабақша), Қамзин көшесі, 9 мекенжайында жылу беру тоқтатылды. Шамамен сағат 19.00-де жылу желісін қалыпқа келтіру жоспарланып отыр.