Жаңалықтар

Қазақстандық азаматтың үйінен соғыс кезіндегі Шпагин автоматы табылды

ашық дереккөзі

Қазақстандық азаматтың үйінен соғыс кезіндегі Шпагин автоматы табылды

Полицейлер Щучинск қаласының тұрғынынан Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі пулемет-тапаншасын тапты деп хабарлады turkystan.kz. Polisia.kz сайтының мәліметінше, «Мал ұрлығы» ЖПІШ-ін өткізу барысында криминалдық полиция қызметкерлері 58 жастағы тұрғынның үйінен 7,62 калибрлі 1944 жылғы Шпагин пулемет-тапаншасын тауып алып, тәркіледі. «Ақмолалық ақпан айында қаруды металл қабылдау пункті болған аумақтан тапқанын айтты. Қаруды заңсыз сақтау фактісі ҚР ҚК 287-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелген. Тексеру кезінде «Тіркелген қару» және «Қылмыстық қару» есебі бойынша мәліметтер базасында қару жоқ екені анықталды», - делінген хабарламада. Баллистикалық сараптама тағайындалды. Тергеу жалғасуда.