Жаңалықтар

«AMANAT»: театр ұжымына сайлауалды бағдарлама таныстырылды

ашық дереккөзі

«AMANAT»: театр ұжымына сайлауалды бағдарлама таныстырылды

«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық сайлауалды штабының төрағасы Алтынсары Дүйсенбекұлы бастаған кандидаттар мен сенімді өкілдер Түркістан қаласындағы музыкалық-драма театрының ұжымымен бейресми кездесу өткізді. Жиында филиал төрағасы партия атқарған және алдағы уақытқа жоспарланған жұмыстарды атап өтіп, сайлауалды бағдарламаның басым бағыттарын түсіндірді. «Біз соңғы бір жылда аудан, қалаларда жүздеген кездесу өткіздік. Соның нәтижесінде тұрғындардан 30 мыңға жуық талап-тілек пен ұсыныс жиналды. Осының нәтижесінде біз жаңа сайлауалды бағдарламамызды әзірледік. Атап өтсек, «AMANAT» партиясының бағдарламасына сәйкес, Түркістан облысы бойынша соңғы 2 жылда 1,7 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген болатын. Ал алдағы 5 жылда бұл көрсеткішті 4,4 млн шаршы метрге жеткіземіз. Одан бөлек, тозығы жеткен 271 тұрғын үйді күрделі жөндеуден өткізуге күш саламыз. Оның 9-ы Түркістан қаласындағы үйлер. Сонымен қатар өткен 2 жылда облыс бойынша 65 жаңа мектепті салуға ықпал етсек, алдағы 5 жыл ішінде 57 жаңа мектепті салуға атсалысамыз. Оның ішінде Түркістан қаласының өзінде 10 жаңа мектеп салынады. 13 білім беру нысанын күрделі жөндеуден өткізуге қаржы бөлмекпіз. Оған қоса, мәдениет саласы қызметкерлерінің табысын арттыру үшін бөлінетін қаржы көлемін 2 есе арттыруға күш саламыз», - деді Алтынсары Үмбетәлиев кездесу барысында.