Студенттердің шәкіртақысы 217 мың теңгеге дейін өсуі мүмкін

2 наурыз, 2023 / Зердебек Темір
ашық дереккөзі
Студенттердің шәкіртақысы 217 мың теңгеге дейін өсуі мүмкін Ашық НҚА порталында мемлекеттік стипендияларды тағайындау, төлеу қағидаларын және олардың мөлшерлерін бекіту туралы қаулыға өзгерістер енгізуді көздейтін қаулы жобасы жарияланды деп хабарлады turkystan.kz inforumburo.kz-ке сілтеме жасап.
Жобаға сәйкес, мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алушыларға ай сайынғы мемлекеттік стипендия мынадай мөлшерде белгіленеді: Сондай-ақ, келесі санаттарға жататын стипендиаттардың шәкіртақысы артады: Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында білім алатын көру қабілеті жағынан мүгедектігі бар адамдарға және есту қабілеті жағынан мүгедектігі бар адамдар – 75%; Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында білім алатын, "Ардагерлер туралы" ҚР Заңына сәйкес жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген студенттер, магистранттар және интерндер – 50%; Жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған және азаматтардың қамқорлығындағы (қорғаншылығындағы) балалар қатарындағы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында білім алатын студенттер, магистранттар және интерндер – 30%; Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында білім алатын, емтихан сессиясының нәтижелері бойынша тек "үздік" деген бағалары бар студенттер, магистранттар (мемлекеттік атаулы стипендиялар мен ҚР президентінің стипендияларын алатын студенттерден басқа) – 15%; Сондай-ақ, мемлекеттік органдардан оқуға жіберілген Жоғарғы сот жанындағы Сот төрелігі академиясының магистранттарыныі стипендиясы соңғы жұмыс орны бойынша лауазымдық айлық ақысының деңгейінде, бірақ мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алатын магистранттар үшін белгіленген мемлекеттік стипендияның мөлшерінен төмен болмауы керек. Айта кетейік, құжат жобасы 17 наурызға дейін қоғамның жария талқысына ұсынылған. Өзгерістер қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.