Алматыда адам өлтірген үш күдікті 8 жылдан кейін ұсталды

Алматыда адам өлтірген үш күдікті 8 жылдан кейін ұсталды

Алматыда адам өлтірген үш күдікті 8 жылдан кейін ұсталды
ашық дереккөзі
Алматы полицейлері 8 жыл бұрынғы адам өлтіру қылмысының бетін ашты деп хабарлады turkystan.kz. Polisia.kz мәліметінше, 2015 жылдың наурыз айында Алматының Түрксіб ауданында адам өлтіру дерегі тіркелген. Сол кезде жеке жүргізуші болып жұмыс істеген 60 жастағы С. есімді азаматтың мәйіті табылған. Сот-медициналық сараптама нәтижесі адам өлімінің тұншығудан болғанын анықтады.
«Сонымен қатар такси жүргізушісінің Nissan көлігінің жоғалғаны анықталды. Үш еркекті қызықтырған сол көлік болатын. Күдіктілер қарақшылық тонау жасап, автокөлікті иемдену мақсатында кісі өлтіргенімен, көлікті ала алмаған. Бірнеше күннен кейін көлік табылды. Қалалық криминалдық Полиция басқармасының қызметкерлері жоғарыда аталған қылмысты жасаған 30 жастағы С. есімді азаматты, 26 жастағы С. есімді азаматты және 29 жастағы Б. есімді азаматты ұстады. Олар қамауға алынды», - деді Алматы Полиция департаменті бастығының орынбасары Дидар Аханов.
ҚР ҚПК-нің 201-бабы және ҚР Конституциясының нормаларына сәйкес, қылмыстың басқа да мән-жайы жария етілмейді.