Жаңалықтар

Жаңа туған нәрестенің бауырынан жарты келі ісік алынды

ашық дереккөзі

Жаңа туған нәрестенің бауырынан жарты келі ісік алынды

Алматыда дәрігерлер жаңа туған нәрестеге күрделі операция жасады. Бауырнан туа біткен бауыр гемангиоманы алып тастады деп хабарлады turkystan.kz Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығына сілтеме жасап. Мәлімет бойынша, жаңа туған нәрестеге мұндай ота елімізде алғаш рет жасалды. «Іш қуысының алып ісігі сәби дүниеге келе салысымын анықталған. Ісік бауырдың оң жақ бөлігін түгел алып жатты. Дүниеге келгеніне небәрі үш күн болған бала дереу перзентханадан Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығына жеткізілді. Кішкентай науқасқа бес күн бойы консервативтік ем жүргізілді. Іш қуысының ісігі өте үлкен болуына байланысты және ісік ішкі органдарды қысып тастағандықтан сәби жасанды өкпе аппаратында болды. Өйткені, ірі көлемдегі ісік баланың демалуына қиындық туғызды. Аз уақыттың ішінде іштің көлемі 38 см-ден 44 см-ге дейін өсті. Осы жағдайларды ескере отырып, орталық мамандары шұғыл түрде операция жасауға шешім қабылдады», - делінген хабарламада. Дәрігер Қанат Әшірбайдың айтуынша, нәрестегі бірден екі операция жасалды.