Құрылыс компаниясы тұрғындардан 500 млн теңгені заңсыз тартқан

Құрылыс компаниясы тұрғындардан 500 млн теңгені заңсыз тартқан

Құрылыс компаниясы тұрғындардан 500 млн теңгені заңсыз тартқан
ашық дереккөзі
Шығыс Қазақстан облысындағы құрылыс компаниясы тұрғындардан 500 млн теңгені заңсыз тартқан деп хабарлады turkystan.kz. ШҚО әкімдігінде өткен жиналыс барысында үйді алдын ала брондауға деп халықтан заңсыз ақша тартқан «Дейнека» компаниясының мәселесі талқыланды. Жиынға прокуратура мен мемлекеттік Кірістер департаментінің қызметкерлері қатысты. «Әлі күнге дейін сол үйлердің құрылысы аяқталмай тұр. Компания қолданыстағы заңнамада көзделмеген бірнеше тәсілмен тұрғындардан жарты миллиард теңгеге жуық қаражат тартты. Құзырлы ведомстволардың дерегінше, қазіргі уақытта адамдарға жүз миллион теңге қайтарылған. Алайда бірнеше адам компанияның жалпы соманың он пайызын ұстап қалғанын айтып шағымдануда. Бұл - заңбұзушылық, азаматтарға сәуір айына дейін қаражаттары толығымен қайтарылуы керек», - дейді облыс әкімі Даниал Ахметов. Мәселе әкімдік пен қадағалау органдарының қатаң бақылауына алынған. Сондай-ақ компанияның инвесторлары әлі күнге дейін белгісіз болып отыр. «Қала әкіміне осыны анықтауды тапсырдым. Брондау шарттарын қолданып, нысандарды аяқтауға міндеттеме алған басқа компанияларға да мұқият назар аудару керек. «Дейнека» компаниясы сияқты жағдай енді қайталанбауы тиіс», - деді аймақ басшысы.