Грекияда пойыздар соқтығысып, 32 адам мерт болды

Грекияда пойыздар соқтығысып, 32 адам мерт болды

Грекияда пойыздар соқтығысып, 32 адам мерт болды
ашық дереккөзі
Грекияның оңтүстігінде сейсенбі күні екі пойыз соқтығысты, мерт болғандар саны 32 адамға жетті, тағы 85-і жарақат алған. Бұл туралы сәрсенбі күні Грекияның өрт сөндіру қызметі мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz Қытайдың Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап. Өрт сөндіру қызметінің ресми өкілі Василиос Ватракояннистің мәлімдеуінше, жарақат алған адамдардың 53-і ауруханаға жатқызылған. Құтқарушылар Темби муниципалитетінде түн ортасында жүк пойызымен соқтығысқан жолаушылар пойызының қирандыларының астынан аман қалған адамдарды іздеп жатыр деп хабарлады АМНА агенттігі. Оқиғаның жай-жапсары тергеліп жатыр. «Бірнеше вагон рельстен шығып кетіп, төртеуі өртенген. «1 және 2-вагон жоқ. Соқтығыс қатты болғандықтан олар жолдан ұшып кеткен», - деп хабарлады Фессалия провинциясының губернаторы Костас Агорастос ERT мемлекеттік телеарнасына. Грекияның Қызыл ай қоғамы зардап шеккендерге көмек көрсету үшін Лариса қаласындағы апат орнына жақын маңдағы орталық алаңда қан тапсыруға шақырды.