Полицейлер 2 мыңнан астам киік мүйізін тәркіледі

Полицейлер 2 мыңнан астам киік мүйізін тәркіледі

Полицейлер 2 мыңнан астам киік мүйізін тәркіледі
ашық дереккөзі
Батысқазақстандық полицейлер 2 мыңнан астам киік мүйізін тәркіледі деп хабарлады turkystan.kz. БҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы ҚР ҰҚК БҚО бойынша департаменті қызметкерлерімен бірлесіп, «Браконьер» жедел алдын алу іс-шарасы барысында киік дериваттарының заңсыз айналымымен айналысқан қылмыстық топты ұстады. «Тінту барысында 2 мыңнан астам киік мүйізі табылып, тәркіленді. 5 күдікті Орал қаласы Полиция басқармасына жеткізілді. Олардың үстінен ҚР ҚК 339-1-бабына (сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған өсімдіктер немесе жануарлар түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) сәйкес қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», - деп хабарлады ведомство.