101 жастағы зейнеткер алғыс айтып келгендерге бата берді (ВИДЕО)

101 жастағы зейнеткер алғыс айтып келгендерге бата берді (ВИДЕО)

101 жастағы зейнеткер алғыс айтып келгендерге бата берді (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Ақтау тұрғындары 101 жастағы зейнеткер Қанаш Жарылғасованың үйіне барып, мерекемен құттықтады деп хабарлады turkystan.kz Хабар 24 арнасына сілтеме жасап. 1922 жылы дүниеге келген Қанаш Жарылғасова - санитарлық-эпидемиологиялық бақылау саласының ардагері. Ұштаған ауылында өмірге келген. Арнаулы оқу орнын аяқтап, Маңғыстау ауданында Ильич деп аталған кеңшарда санитариялық-бақылау бөлімшесінде зейнетке дейін жұмыс істейді. Соғыс жылдары тылда еңбек етіп, жұбайымен бірге 6 ұл бен 3 қыз өсірген. Қазір олардан тараған 155 ұрпағының қызығын қызықтауда. Жары Ыстыбай Жарылғасов Ұлы Отан соғысының ардагері өмірден озған. Мерекеге орай құттықтап барған Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Ұлықбек Тналиев және Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілі және облыстық үкіметтік емес ұйым мүшелеріне алғысын білдірді.  width=
 Құттықтап келгендеріңізге алғыс айтамын. Менің жасымды берсін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! - деді Қанаш Жарылғасова.
Қарттығына қарамастан қарияның санасы сергек, қимылы ширақ. Тек есту қабілеті сәл нашарлаған. Жақындары әжейдің ұзақ жасқа шығуын үй шаруасымен үнемі қозғалыста болып, шұбатты жиі ішуімен байланыстырады.
Үлкен кісіден бата алуға және де осындай керемет ұрпақты дүниеге әкеліп, Қазақстанның дамуына үлкен үлесін қосып жатқан бала-шағасы үшін алғысымызды білдіруге келдік. Анамызға денсаулық тілейміз! Жарылғасовтар жанұясы сұрапыл соғыс жылдары ауылда қалған жетім-жесірге мүмкіндігі жеткенше көмектесіп келген. Қайырымды азаматтардың өзгелерге қамқорлығы әлі күнге дейін ел аузында. Қанаш әжей отырған үлкен шаңырақтан қонақ үзілмейді, - дейді қала тұрғыны Амангүл Жайылханова.