Жаңалықтар

101 жастағы зейнеткер алғыс айтып келгендерге бата берді (ВИДЕО)

ашық дереккөзі

101 жастағы зейнеткер алғыс айтып келгендерге бата берді (ВИДЕО)

Ақтау тұрғындары 101 жастағы зейнеткер Қанаш Жарылғасованың үйіне барып, мерекемен құттықтады деп хабарлады turkystan.kz Хабар 24 арнасына сілтеме жасап. 1922 жылы дүниеге келген Қанаш Жарылғасова - санитарлық-эпидемиологиялық бақылау саласының ардагері. Ұштаған ауылында өмірге келген. Арнаулы оқу орнын аяқтап, Маңғыстау ауданында Ильич деп аталған кеңшарда санитариялық-бақылау бөлімшесінде зейнетке дейін жұмыс істейді. Соғыс жылдары тылда еңбек етіп, жұбайымен бірге 6 ұл бен 3 қыз өсірген. Қазір олардан тараған 155 ұрпағының қызығын қызықтауда. Жары Ыстыбай Жарылғасов Ұлы Отан соғысының ардагері өмірден озған. Мерекеге орай құттықтап барған Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Ұлықбек Тналиев және Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілі және облыстық үкіметтік емес ұйым мүшелеріне алғысын білдірді.