Қызылордада 28 км жылумен жабдықтау желілері күрделі жөндеуден өтеді

Қызылордада 28 км жылумен жабдықтау желілері күрделі жөндеуден өтеді

Қызылордада 28 км жылумен жабдықтау желілері күрделі жөндеуден өтеді
ашық дереккөзі
Электр энергиясы, жылуға және сумен жабдықтауға арналған тарифтердің өсуі қарапайым тұтынушының қалтасына салмақ салмауы тиіс. Бүгін «Қызылорда электр тарату тораптары» компаниясының ұжымымен кездескен «AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық сайлауалды штабының мүшелері осылай деп есептейді.  width= Облыстағы электрмен жабдықтау жүйелері желілерінің жалпы ұзындығы 10 мың шақырымнан асады. Сонымен қатар, әртүрлі кернеудегі 1837 қосалқы станция бар. Олардың тозу дәрежесі 69%-ды құрап, жаңғыртуды қажет етуде. Ал жылумен жабдықтау желілерінің тозу деңгейі 46,9%-ды құрайды. Сол үшін «AMANAT» партиясы электр және жылу жүйелерінің тозу деңгейін төмендету бойынша электрмен жабдықтау инфрақұрылымын жөндеу жұмыстарын ерекше бақылауға алып оты. Сондай-ақ желілік жүйелерді жаңғырту бойынша алдағы 5 жылға нақты жоспар құрып отыр. Осы бағыттағы нақты жұмыстарды облыстық мәслихат депутаттығына үміктер Жанат Қожарипова атап өтті.
Партия алдағы жылдары Жаңақорған кентіндегі 10/0,4 кВ электр желілік жүйесін жаңғырту жұмыстарын, Сырдария ауданындағы Шаған ауылдық округінің тұрғын үйлерін электр желілерімен қамту, Шиелі кентінде 220/35/10 кВ «Шиелі» ҚС қайта жаңғырту» жобасын, жылу жүйелерін жақсарту бойынша Қызылорда қаласындағы 28 км жылумен жабдықтау желілерінің күрделі жөнделуін және қайта құрылуына қаражат қарастырады. Бұл жұмыстар нәтижесінде, электр желілері мен жылу жүйелерінің тозу деңгейін едәуір төмендететіні анық»,- деді үміктер.
Кездесуде үміктерлер Сайлауалды бағдарламада қоғамның әр саласына қатысты қамтылған жобаларды атап өтті. Қызылорда облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді