Жаңалықтар

Партия имиджі сайлауалды штабтың жұмысына тікелей байланысты

ашық дереккөзі

Партия имиджі сайлауалды штабтың жұмысына тікелей байланысты

Alikhan Bokeikhan University-нің бас ғимаратында «АМАNАТ» партиясының Абай облыстық сайлауалды штабының сайлауалды науқан басталғаннан бергі жұмыстары бойынша кеңес өтті.

Жиынға партияның облыстық филиал және сайлауалды штаб төрағасы Қуаныш Сүлейменов, штаб төрағасының орынбасарлары Думанғазы Арғынғазин, Шағангүл Жанаева, Маржан Бақыт және Зульфия Жамалтдинова қатысты. Қуаныш Сүлейменов сайлауалды штаб мүшелерінің белсенді жұмыстарын атап өтіп, алдағы уақытқа осы қарқында жұмыс істеулерін сұрады.