Жаңалықтар

«AMANAT» партиясының Республикалық сайлауалды штабы СҚО-да шаруалармен кездесті

ашық дереккөзі

«AMANAT» партиясының Республикалық сайлауалды штабы СҚО-да шаруалармен кездесті

«AMANAT» партиясының Республикалық сайлауалды штабы мүшелерінің өңірлердегі сайлаушылармен кездесуі жалғасуда. Бүгін партиялықтар Солтүстік Қазақстан облысына келді. Мағжан Жұмабаев ауданында «Қызылжар МТС Агро» ЖШС алаңында өңірдегі ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерімен кездесу өтті. Осы күні Петропавлдағы «Alageum Electric» электротехникалық зауытында қаланың бастауыш партия ұйымдарының мүшелерімен кездесу өтті. Штаб мүшелері атап өткендей, үгіт-насихат науқанының сапасы көбіне бастауыш партия ұйымдарының жұмысына байланысты. Өйткені «AMANAT»-та 4000-ға жуық бастауыш партия ұйымына біріккен шамамен 800 мың азамат бар.