Жаңалықтар

Май ауданының тұрғындары экологияның зардабын әлі тартып отырғанын айтады

ашық дереккөзі

Май ауданының тұрғындары экологияның зардабын әлі тартып отырғанын айтады

«AMANAT» партиясының облыстық сайлауалды штабының үгіт-насихат жұмыстары Май ауданында жүріп жатыр. Облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Салтанат Шабажанова, Жанбол Жилбаев және аудандық мәслихатқа үміткер Қарлығаш Түсіпбекова, Ғибадат Арынов Еңбекші ауылында, Ақжар ауылында және Май ауылдық клубында тұрғындармен кездесті. Айта кету керек, экология мәселесі партияның сайлауалды бағдарламасында көрсетілген. «Біз барлық экологиялық мәселені шешуге ниеттіміз. Табиғи теңгерімді қалпына келтіріп, ауаны, жермен суды тазартатын уақыт жетті. «AMANAT» партиясы жерді тиімсіз пайдалануға, рұқсат етілмеген қоқыс полигондарына, өнеркәсіптердің зиянды қалдықтарды бақылаусыз шығаруына қарсы. Бұралқы үй жануарлары азаматтардың өміріне қауіп төндірмеуі керек. Пайда мен кірісті күйттеп, табиғи байлығымызды, жерімізді құрбандыққа шалмауымыз керек. Экологиялық қауіпсіз мемлекет – ұлт саламаттығы мен тұрақты дамудың кепілі» деп жазылған. Павлодар облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді.