Жаңалықтар

Шымкентте Алғыс айту күнінде бір миллион бауырсақ таратылды

ашық дереккөзі

Шымкентте Алғыс айту күнінде бір миллион бауырсақ таратылды

Алғыс айту күні Шымкент қаласының бірнеше жерінде тұрғындарға бауырсақ пен құрт таратылды деп хабарлады turkystan.kz. Otyrar.kz сайтының мәліметінше, дәмі тіл үйіретін бауырсақтарды әйелдер қауымы түнімен пісірген. Ыстық бауырсақтан ауыз тиюшілердің қатары аз емес. Ал өреде жаңадан жайылған құртты әуестікпен дәм татушылар да көп. Одан бөлек, көктем мерекесінің нышаны наурызкөже де арнайы дайындалған. «Шымқала» этноауылында арнайы арба жегілген атпен ыстық бауырсақ пен құрт таратылды. Ұлттық тағамнан дәм татқан шымкенттіктер дән риза.