Бауыржан Исламхан «Ордабасы» ойыншысы атанды

Бауыржан Исламхан «Ордабасы» ойыншысы атанды

Бауыржан Исламхан «Ордабасы» ойыншысы атанды
ашық дереккөзі
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Бауыржан Исламхан ресми түрде шымкенттік «Ордабасы» клубының ойыншысы атанды деп хабарлады turkystan.kz. Ақпарат Transfermarkt порталында жарияланды. Бауыржан Исламхан жаңа командасында тоғызыншы нөмірмен ойнайды. Естеріңізге сала кетсек, қазақстандық футболшы 2020 жылдың қыркүйек айында «Аль-Айн» командасы сапында Азия чемпиондар лигасында өнер көрсетті. «Аль-Садд» командасына қарсы кездесуден кейін ойыншылар допинг-сынама тапсырған. Исламханның сынамасынан тыйым салынған метилгексанамин табылып, екі жылға футболдан шеттетілген болатын.