Димаштың бейнебаяны Мексика метросында көрсетіліп жатыр

Димаштың бейнебаяны Мексика метросында көрсетіліп жатыр

Димаштың бейнебаяны Мексика метросында көрсетіліп жатыр
ашық дереккөзі
27 ақпанда Мексика метросының 576 медиафасадында Димаштың Kieli meken әнінің бейнебаяны көрсетіле бастады деп хабарлады turkystan.kz. Dimashnews.com сайтының мәліметінше, акцияны мексикалық жанкүйерлер Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырған. Видео 27 ақпан мен 5 наурыз аралығында сағат сайын көрсетіледі. «Dimash Qudaibergen Méxicoficial» фан-клубының Dears Мехикодағы медиафасадында Димаштың қойылымдарын екінші рет ұйымдастырып отыр. Метро - қаланың негізгі көлік құралдарының бірі. Сондықтан бейнені 3 миллионға жуық адам көреді.