Жаңалықтар

Елордада коммуналдық қызметкерлер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр

ашық дереккөзі

Елордада коммуналдық қызметкерлер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр

Астанада қар күреу жұмысына 1 наурыз күні таңертең 2148 жол жұмысшысы жұмылдырылды. Коммуналдық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр деп хабарлады turkystan.kz елорда әкімдігінің сайтына сілтеме жасап. 28 ақпаннан 1 наурызға қараған түні елордадан 7 мың текше метр қар, яғни 508 рейс шығарылды. Сәрсенбі күні таңертең қала көшелерінің қарын күреп, көктайғақты жою үшін 2 148 жол жұмысшысы мен мыңға жуық арнайы техника жұмылдырылды. «Ауа райының тұрақсыздығына, температураның өзгеруіне және жауын-шашынға байланысты көшеде көктайғақ пайда болады. Азаматтардың емін-еркін жүруі үшін жолдарға, тротуарлар мен көшелерге құм-тұз қоспасы себіледі. Бұл ретте елорда тұрғындары мен қонақтары көктайғақ кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтап, абай болу керек», - делінген хабарламада. Қыс мезгілінің басынан бері қаладан 3,6 млн текше метрден астам қар немесе 290 мыңнан астам рейс шығарылды.