9-сынып оқушысы адамдарды өрттен құтқаратын робот ойлап тапты

9-сынып оқушысы адамдарды өрттен құтқаратын робот ойлап тапты

9-сынып оқушысы адамдарды өрттен құтқаратын робот ойлап тапты
ашық дереккөзі
Таразда 9-сынып оқушысы өрт кезінде адамдарды құтқаруға көмектесетін робот ойлап тапты деп хабарлады turkystan.kz Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап. Жас өнертапқыш Вячеслав Кузьмин қаладағы №7 мектеп-гимназияда оқиды, ал техникалық-шығармашылық орталықта қосымша білім алады. 9-сынып оқушысы төтенше жағдай кезінде көмек болатын құрылғыны осы орталықта тәлімгері Айнұр Сұраншиеваның жетекшілігімен жасап шығарған. Оған "Темір-Батыр" деп ат қойған. Құлтемір өрт кезінде жалынды сөндіріп, қою түтін ішінде қалған адамды да іздеп табады.
"Роботтың алдында кедергілерді итеруге арналған құрылғысы және камерасы бар. Темір-Батырды қашықтан басқарып, камера арқылы өрт болған жерді көруге, ультрадыбысты қондырғының көмегімен өрттің қайдан шыққанын, адамның бар-жоғын анықтауға болады. Роботтың ішіне екі бак орнатылған. Оған жағдайға байланысты көпіршік немесе су толтырылады. Қысым сұйықтықты 5 метр қашықтыққа шаша алады", – дейді оқушы.
Вячеслав Кузьмин Темір-Батырды Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар департаментіне апарып көрсетпекші. Патент алып, роботты тағы да жетілдіруді жоспарлап отыр.