Қар, боран, көктайғақ: 1 наурызда ауа райы қандай болады?

Қар, боран, көктайғақ: 1 наурызда ауа райы қандай болады?

Қар, боран, көктайғақ: 1 наурызда ауа райы қандай болады?
ашық дереккөзі
Қазгидромет синоптиктері 1 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынды деп хабарлады turkystan.kz. Атлантикалық циклон Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райына ықпал етеді, осыған байланысты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады, көктайғақ болады. Еліміздің солтүстігінде жаяу бұрқасын сақталады. Тек еліміздің оңтүстігі, оңтүстік-шығысы және шығысы атмосфералық жоғары қысым аумағында болғандықтан мұнда жауын-шашын жаумайды. Қазақстан бойынша жел күшейіп, тұман түседі.