Жаңалықтар

Астанадан шығатын барлық жол жабылды

ашық дереккөзі

Астанадан шығатын барлық жол жабылды

Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті ауа райының нашарлауына байланысты қаладан шығатын республикалық жолдар жабылғанын мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz. Ведомствоның мәлімдеуінше, 1 наурыз күні сағат 00.00-ден бастап республикалық маңызы бар «Астана - Ерейментау - Шідерты» тасжолының 16-200 шақырым аралығында көлік қозғалысына тыйым салынған. Бұл - Астана қаласынан Павлодар облысының шекарасына дейінгі учаске. Жолдың жабылуына қатты көктайғақ себеп. Одан бөлек, түнгі 00.00-де Астана-Қорғалжын тасжолының 19-124 шақырым аралығы жабылды. Сонымен қатар 28 ақпан түнгі 23.15-тен бастап боранға байланысты «Қызылорда-Павлодар» автожолының 1367-1258 шақырым аралығында да бүкіл көлік түрлеріне шектеу енгізілді. Бұл - Ленин кентінен Екібастұз қаласына дейінгі аралық. «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы елордадан шығатын барлық жол жабылғанын ескертіп, жолаушылардан алыс жолға шықпауды өтінді.