Блинкен санкциялардың Қазақстанға әсері туралы айтты

Блинкен санкциялардың Қазақстанға әсері туралы айтты

Блинкен санкциялардың Қазақстанға әсері туралы айтты
ашық дереккөзі
АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкеннен сыртқы істер министрлігінде өткен баспасөз конференциясында Ресейге қарсы санкциялардың Қазақстанға қалай әсер ететінін бағалады деп хабарлады turkystan.kz. Оның айтуынша, санкция ықпалын барлық ел, соның ішінде Орталық Азия да сезінеді. «Ресей агрессиясы Украинаға ғана емес, басқа елдерге де ықпал етіп жатыр. Біз С5+1 елдеріне жаңа сауда әріптестіктерін дамытуды қолдаймыз. Орталық Азиядағы әріптестерімізбен аймақ елдерімен қалай жұмыс істейтініміз туралы сөйлестік. Оған 25 миллион доллар бөлдік. Сонымен бірге жаңа жолдар мен жаңа экспорттық нарықтарды іздеп жатырмыз. Біз Ресей санкцияларының салдары қандай болатынын жақсы түсінеміз», - деп жауап берді АҚШ мемлекеттік хатшысы. Сонымен қатар Энтони Блинкен «Ресей Федерациясы тарапынан Орталық Азияға қауіп төніп тұрған жоқ па?» деген сұраққа да жауап беріп, мәселеге тоқталды.

Бізді алаңдатып отырған мәселе тек Ресейдің Украинаға агрессиясы және Ресейдің онда жасап жатқан барлық сұмдық әрекеті емес, БҰҰ жарғысының негізгі қағидаттарына қарсы агрессиясы. Біздің принциптеріміз бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтауға бағытталған деп санаймыз. Соның ішінде Сіздің аймағыңызда да. Сондықтан барлық елдің бірігіп, Ресей агрессиясына қарсы тұруы Украинаны қорғау үшін ғана емес, сонымен бірге осы принциптер үшін маңызды. Егер олар бұзылса, Ресей өз агрессиясын басқа елдерге қарсы бағыттай алады. Сонда кейбір елдер Ресейге қарап, «Ресейдің қолынан келсе, біз де істей аламыз» деп ойлауы мүмкін. Біз мұны тоқтатуымыз керек. Сондықтан барлық мемлекет жиналып, бұған «жоқ» деуі маңызды, - деді Энтони Блинкен.