Жаңалықтар

2027 жылға дейін бес мың мектеп күрделі жөндеуден өтпек

ашық дереккөзі

2027 жылға дейін бес мың мектеп күрделі жөндеуден өтпек

27 ақпан күні Парламент мәжілісінің депутаттығына үміткер Ж.Сүлейменова, Абай облысы мәслихатының депуттатығына үміткерлер Ш.Жанаева, Н.Қойжайғанов, М.Қарт, В.Бабиченко, М.Тұрсынов және Жарма аудандық мәслихаты депутаттығына үміткерлер А.Қарсақбаев, Б.Омаров, аудандық сайлауалды штаб мүшелері Шар қаласында "Қамқор локомотив" ЖШС ұжымымен кездесу өткізді. Кездесу барысында "AMANAT" партиясының 2023-2027 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламалары пысықталып, 19 наурыз күні өтетін Мәжіліс және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлау науқанына байланысты үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді. Ұжым тарапы өз ойларымен бөлісіп, алда келе жатқан сайлау науқанына бір адамдай ат салысып, еліміздің ертеңі, жарқын болашағы үшін дауыс беретіндерін жеткізді. Жарма өңірі – ежелден бірлігі мен берекесі жарасқан өңір. Сондай-ақ ақ басты ақсақалдарымыз бен ақ жаулықты апаларымыздан бастап ешқашан саяси, қоғамдық өмірден тыс қалған емес. Жоспарларыңызды тыңдай отыра, бірқатар сұрақтарды қойғым келіп отыр. Біздің өңірде бастауыш мектептерінің көпшілігін жауып тастады. Мектепке дейінгі балалар Жарма ауданының орталығына келіп оқуға мәжбүр. Ал ауа райы қолайсыз кезде тіпті сол мектепке де баруға мүмкіндік болмайды. Балалардың кедергісіз білім алуын қамтамасыз ету керек емес пе? Сондай-ақ ауыл адамдарының орташа күнкөріс деңгейі төмен, ал қажеттіліктеріне керек қаражат өздерінің бастарынан аспайды. Үйді жылытуға бәрінің қолы жете бермейді, себебі көмірдің бағасы қымбат. Бұл ретте тұрғын үйлерге неге газ тартпасқа? - деді Әди Шәріпов ауылының тумасы, зейнеткер. Бұл сұрақтарға ҚР Парламенті мәжілісінің депутаттығына кандидат Жұлдыз Сүлейменова тұшымды жауап берді.  30 жыл ішінде айтылмай, жасырылып қалған проблемалар қоғамның наразылығын тудырары анық. Газ құбырына қатысты мәселеге келетін болсақ, бұл – біздің сайлауалды бағдарламамызда қарастырылған мәселе. 2027 жылға дейінгі партия жоспарында газ тартылатын болады. Ал облысымыздағы ауылдық жерлерде 6 мың мектеп бар, оның 2 400-і шағын жинақты. Мұндай мектептер жабылмас үшін біздің бағдарламада екі шешім жолы қарастырылып отыр. Біреуі – ауылдық жерлерге мұғалімдерді тарту, яғни білікті жас мамандарды ауылға шақыру. Оларға бөлек қаражат жағдайын бекіту. Екіншісі – шағын жинақты мектептерде оқушы болмай, жабылып қалатын болса, аудан орталықтарына оқушыларды жеткізу мәселесі қарастырылады. Мәселен, 1 200-ден 3 600 балаға дейін оқытылатын ауыл мектептері де жоқ емес. Бұл мектептерге күрделі жөндеу жүргізбесек, апатты жағдайлар болуы мүмкін. Сондықтан біз жыл сайын 1 000 мектепке күрделі жөндеу өткізуге қаражат қарастырып отырмыз. Тағы бір мәселе, бұл осы 1 200-ден 3 600 балаға дейін оқытылатын ауыл мектептерге жан басына шаққандағы қаржыландыруды енгізу механизмін талап ететін боламыз. Оған мұғалімдердің біліктілігін арттыру, оқушылардың бір мезгіл ыстық тамақ алуы, бастауыш сынып балаларға мемлекет тарапынан бірыңғай формамен қамтамасыз ету секілді әлеуметтік жағдайды қамтитын жобаларымыз кіреді. Біздің мақсат – осы мәселелердің ішінде ең ауқымдыларын 5 жыл аясында шешу. Партиямыздың ұстанымы  – «арық айтып, семіз шығу». Екі жыл депутат болған азаматша ретінде біріншіден, заңнамалық негіз керек, екіншіден, қаржы мәселесін, үшіншіден, құрылымдық жағын шешу керек екенін жақсы білеміз, - деді Жұлдыз Досбергенқызы. Кездесу соңында Қалбатау ауылының тұрғындары жылы лебіздерін білдіріп, үміткерлерге алда келе жатқан сайлауда сәттілік тіледі. Абай облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізім ұсынған «AMANAT» партиясының сайлау қорының қаражатынан төленді.