Сәуірде LRT құрылысын аяқтауға қаржы бөлінеді

Сәуірде LRT құрылысын аяқтауға қаржы бөлінеді

Сәуірде LRT құрылысын аяқтауға қаржы бөлінеді
ашық дереккөзі

«Astana LRT» құрылысын аяқтауға 50 млрд теңге бөлінеді. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz.

Оның айтуынша, биыл LRT құрылысын жалғастыруға 50 млрд теңге бөлінеді. Әзірге қаражат Астана әкімдігіне түспеген. Тиісті процедуралардан өтуге тиіс.

«Биыл оператор ретінде LRT құрылысын жалғастыруға 50 млрд теңге бөлеміз. Бүгін таңертең республикалық бюджеттің отырысы өтті. Сол жақта біз тиісті қаржыны қарастырдық. Енді ол парламенттен өтіп, кейін оған қол қойылуы керек. Сәуір айында қаржыны әкімдікке береміз деп жоспарлап отырмыз», -деді Марат Қарабаев үкімет кулуарында.

Ол әкімдікпен LRT құрылысы талқыланғанын атап өтті. Әкімдік құрылысты әуежай жақтан бастаймыз деген. Сондай-ақ қаржының бір бөлігін вагондар сатып алу үшін авансты қаржыландыруды жоспарлап отыр.
Қарабаев LRT биыл іске қосылмайтынын атап өтті.
Бұған дейін Астана әкімі Жеңіс Қасымбек 2024 жылдың аяғына дейін LRT іске қосылатынын мәлімдеген еді.