Елордада «Технологияларды коммерцияландыру реакторы» атты іс-шара өтті

Елордада «Технологияларды коммерцияландыру реакторы» атты іс-шара өтті

Елордада «Технологияларды коммерцияландыру реакторы» атты іс-шара өтті
ашық дереккөзі
Бүгін Астанада «Технологияларды коммерцияландыру реакторы» атты IV диалог алаңы өтті. Аталған шараға еліміздегі осы сала мамандары, жоғару оқу орындарының оқытушылары мен профессорлары, ғылыми зерттеу институтының ғалымдары қатысты деп хабарлады turkystan.kz тілшісі. Диалог алаңының басты мақсаты – жаңа ғылыми бағыттағы өнімдерді табыс көзіне айналдыру. Табыс табу арқылы жобаны қолдауға негізделді. Шара барысында мемлекеттік мекемелердің өкілдері мен қаржы саласының мамандары да болғанын атап өткен жөн. Шара басталып, сөз алған Ғылым және жоғары білім министрлігі ғылыми комитетінің төрағасы Ахмед-Заки Дархан Жұмақанұлы БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді. [caption id="attachment_215018" align="alignnone" width="1920"] width= https://turkystan.kz/[/caption]
«Алдыңғы қатарлы жетістіктер ол шынайы іргелі ғылымның жетістігіне негізделген екен. Бір жыл ішінде ондай өнімге жету оңай емес. Ол үшін міндетті түрде қалыптасқан ғылыми мектептер керек. Соған қарай біздің ғалымдар, профессорлар, осы талай жыл бойы өздерінің ойлап жүрген идеясын теоретикалық тұрғыдан қолданбалы тұрғыда жеткізіп, одан кейін шынайы өндіріс деңгейіне жеткізген»,- деп атап өтті комитет төрағасы.
[caption id="attachment_215020" align="alignnone" width="1920"] width= https://turkystan.kz/[/caption] Атап өту керек, бұл диалог алаңында сегіз түрлі жоба қорғалып, олардың табыс көзін қарастыру, қаржыландыру, ғылымды дамыту туралы идеялары талқыланды.