Елордада «Технологияларды коммерцияландыру реакторы» атты іс-шара өтті
Елордада «Технологияларды коммерцияландыру реакторы» атты іс-шара өтті
Бүгін Астанада «Технологияларды коммерцияландыру реакторы» атты IV диалог алаңы өтті. Аталған шараға еліміздегі осы сала мамандары, жоғару оқу орындарының оқытушылары мен профессорлары, ғылыми зерттеу институтының ғалымдары қатысты деп хабарлады turkystan.kz тілшісі.
Диалог алаңының басты мақсаты – жаңа ғылыми бағыттағы өнімдерді табыс көзіне айналдыру. Табыс табу арқылы жобаны қолдауға негізделді.
Шара барысында мемлекеттік мекемелердің өкілдері мен қаржы саласының мамандары да болғанын атап өткен жөн.
Шара басталып, сөз алған Ғылым және жоғары білім министрлігі ғылыми комитетінің төрағасы Ахмед-Заки Дархан Жұмақанұлы БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.
[caption id="attachment_215018" align="alignnone" width="1920"] https://turkystan.kz/[/caption]
Атап өту керек, бұл диалог алаңында сегіз түрлі жоба қорғалып, олардың табыс көзін қарастыру, қаржыландыру, ғылымды дамыту туралы идеялары талқыланды.