Қызылорда облысында кандидаттар театр қызметкерлерімен жүздесті

Қызылорда облысында кандидаттар театр қызметкерлерімен жүздесті

Қызылорда облысында кандидаттар театр қызметкерлерімен жүздесті
ашық дереккөзі
«AMANAT» партиясының партиялық тізімі бойынша Қызылорда облыстық мәслихатының депутаттығына үміткерлер Нартай Бекежанов атындағы облыстық қазақ академиялық музыкалық драма театрының шығармашылық ұжымымен кездесті. Онда театырдың өткені мен бүгінгі жетістіктер сөз болып, партия бағдарламасы кеңінен таныстырылды.
«Егде жастағы, зейнет жасына таяған және зейнеттегі азаматтардың еңбегі сұранысқа ие болуы керек. Зейнеткерлер лайықты зейнетақы алуға, жақсы тамақтануға, сапалы және қолжетімді ем алуға, белсенді өмір салтын ұстануға мүмкіндігі болуы тиіс. Әр азамат мемлекет қамқорлығын сезінуі қажет», - деді Облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Жандос Базартай.
Келесі үміткер Гүлшат Мұсаева жастардың жұмыссыздығы мен кәсіпкерлікті дамыту жайында партия бағдарламасындағы мүмкіндіктер жайында айтты.
«Қазіргі таңда жастарға жақсы жағдай жасалып жатқаны жасырын емес. Мәселен, жастар санатының шегі 35 жасқа дейін ұзартылғанын ескеріп, кәсіпкерлікпен айналысамын деген жастарға 2,5 пайыздық несиелер беру мәселесі қаралып отыр. «Күміс жас» жобасы дегенді білесіздер. Бұл дегеніміз зейнетке шығуға бес немесе алты жыл қалғанда ол кісілерді жұмыспен қамту мәселесін партия тарапы қарап жатыр. Ал «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында да жастарды ауылды жерлерге мамандығы бойынша жұмысқа тарту бойынша да жоспарлар әзірленуде. Біздің партия аталған мәселелерді жүйелі түрде шешуге ықпал ететін болады»,-деді Г.Мұсаева.
Келесі үміткер Айсұлу Қасымова жұмыс барысында театрмен тонның ішкі бауындай біте қайнасып, жұмыс істеп келе жатқанын айтты.
«Өнер саласындағы проблемалардан көп хабардар болмасам да, күнделікті жұмыс барысында кездесетін мәселелерді біліп отырамын. Театрдың ішкі мәселесінен бастап, ғимараттардың күрделі жөндеуді қажет ететіндігі, үлкен қалалардың театрларында біліктілікті арттыру мақсатында қаржы жағынан тапшылық туындайтындығы тағы бар. Бұл мәселелер мәдениет пен өнерді қолдауға бағытталған партия жанындағы «Miras» аймақтық кеңесінде көтерілген болатын. Міне, партия денсаулық, білім, спорт саласынан бөлек мәдениетімізге де көңіл бөлу қажеттігін назардан шығармайды», - деді ол.
Жиын соңында партияның алдағы атқарылар жұмыс жоспарымен танысқан театр ұжымы бірауыздан мақұлдап, содан соң өздерінің ұсыныс-тілектерін жеткізді. Қызылорда облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді.