Жаңалықтар

«AMANAT»-тың сайлауалды штабы Арқалық тұрғындарымен кездесті

ашық дереккөзі

«AMANAT»-тың сайлауалды штабы Арқалық тұрғындарымен кездесті

«AMANAT» Республикалық сайлауалды штабының мүшелері Қостанай облысының Арқалық қаласында сайлаушыларымен бірқатар кездесу өткізді. Алдымен қала жұртшылығымен кездесу өтіп, оған 300-ден астам адам қатысты. Штаб мүшелері партияның сайлауалды бағдарламасындағы өңірлерде әлеуметтік және коммуналдық инфрақұрылымды дамытуға бағытталған негізгі басымдықтар туралы айтты. Осы күні штаб мүшелері шағын және орта бизнес өкілдерімен де жүздесіп, сайлауалды бағдарламаның бизнесті жүргізу бойынша қарапайым ережелерді қамтамасыз етуге бағытталған бөлімін талқылады. Сондай-ақ, штаб мүшелері қаланы аралап, Арқалықтың қазіргі жайымен, оның ішінде әлеуметтік нысандарды абаттандыру және салу барысымен танысты.