Петропавлда аманаттықтар мектеп ұжымымен кездесіп, қала проблемаларын талқылады
Петропавлда аманаттықтар мектеп ұжымымен кездесіп, қала проблемаларын талқылады
Партиялық тізім бойынша Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының депутаттығына кандидаттар Дина Әбілмәжінова мен Галина Семенова №14 орта мектептің ұжымымен кездесті.
Әңгіме барысында партия өкілдері «AMANAT» қала мен өңірдің өзекті мәселелерін шешу жолдарын ұсынатыны туралы әңгімеледі. Қатысушылар газдандыру мәселесіне ерекше назар аударды.
«Партия Астана-Көкшетау-Петропавл бағыты бойынша газ құбырын салу жөніндегі жобаны ілгерілетуге ұмтылатын болады. Қазір «АстанаГаз ҚМГ» АҚ жобасы мемлекеттік сараптамада. Жалпы, газдандыру өндірілетін өнімнің өзіндік құнын 15%-ға төмендетуге, ластаушы заттардың шығарындыларын азайтуға, халық үшін тұрмыстық жағдайларды жақсартуға мүмкіндік береді деп санаймыз», - деді Галина Семенова.
Дина Әбілмәжінова өз кезегінде кездесуге қатысушылардың сұрақтарына жауап бере отырып, мектеп ұжымын спорт саласының дамуы туралы хабардар етті.