Атырау облысында жол апатынан 4 адам қаза тапты

Атырау облысында жол апатынан 4 адам қаза тапты

Атырау облысында жол апатынан 4 адам қаза тапты
ашық дереккөзі
Атырау облысында жол апатынан 4 адам қаза тапты. Тағы 3 адам түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді деп хабарлады turkystan.kz. Polisia.kz сайтының мәліметінше, 28 ақпан сағат 07:55 шамасында Ақтөбе-Атырау-Астрахань тас жолының 492 шақырымында жол-көлік оқиғасы болды.
«Мақат - Қызылқоға бағытында келе жатқан Toyota Ipsum автокөлігінің жүргізушісі көлікті игере алмай, жолдың қарсы бағытына шығып, ауыр жүк көлігімен соқтығысты. Салдарынан 4 адам қаза тауып, 3 адам әртүрлі дене жарақаттарымен Мақат аудандық ауруханасына жеткізілді», - делінген хабарламада.