Жаңалықтар

Астанада ит еті сатылған: министр оқиғаға қатысты пікір білдірді

ашық дереккөзі

Астанада ит еті сатылған: министр оқиғаға қатысты пікір білдірді

Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова елордада ит етін сату оқиғасына қатысты пікір білдірді деп хабарлады turkystan.kz. «Ит етіне қатысты мәселені зерттеп жатырмыз. Біраз жайттар бар – санитарлық-эпидемиологиялық бақылау тарапынан тексеру жүргізілуі керек, заңнаманы бұзу фактісі бойынша ҚР ІІМ тарапынан шаралар күтілуде. Кеше ғана өз арамызда осы мәселені талқыладық. Менің ойымша, жақын арада біз ҚР ІІМ және Денсаулық сақтау министрлігімен әрі қарайғы шараларды әзірлеу үшін байланыс орнатамыз», - деді Зүлфия Сүлейменова.