Жаңалықтар

Сәбиге хиджама жасаған емхана жабыла ма? – Министр жауап берді

ашық дереккөзі

Сәбиге хиджама жасаған емхана жабыла ма? – Министр жауап берді

Атырауда сәбиге хиджама жасаған жеке емхана жабылатын болды. Бұл туралы Үкімет кулуарында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты деп хабарлады turkystan.kz Qaz365.kz сайтына сілтеме жасап. Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният осыдан бір ай бұрын хиджама жасайтын емханалардың бәрі тексерілетінін, жалпы хиджама жасауға шектеу қоямыз деген. Оның бұлай деуіне Атырауда жеке емханалардың бірінде жас сәбиге хиджама жасағандардың видеосы себеп болған. Аталған видео ел ішінде едәуір талқыланған. Бір ай бұрын айтқан сөзіне министрдің есіне салған журналистердің сұрағына Ажар Ғиният былай жауап берді. «Атыраудағы орталық тексеріліп, ол жердегі санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың бұзылу фактілері анықталды. Соған байланысты қазір ол орталықты жабу рәсімін жүргізіп жатырмыз», - деді Ажар Ғиният.